«MIRNAS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылы Қазақстанның астанасы Астана қаласында құрылды және қазақстандық құрылыс жобалары мен тендерлеріне қатысуға толық құқылы.   ЖШС қызметінің негізгі бағыты флагштоктарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасын, осымен қатар, даланы жарықтандырудың декоративтік бағандарын жасау болып табылады.  

 

«MIRNAS»  ЖШС өзінің инженерлік-техникалық кадрларымен өз клиенттері үшін полигоналды модульдер (slip–joint) жиі қолданып, мырышталған және тот баспайтын болаттан жасалған биіктігі 18 метрден 150 метрге дейін жететін флагштоктар үшін биік діңгектер жасайды. Біздің флагштоктар ауданы 50 м2-ден 500 м2 дейін жететін туды 160 км/сағ. желдің  тұрақтылығында ұстап жүруге мүмкін болатындай жобаланады. Клиенттердің қалауы бойынша біздің инженерлер іргетас жобасы мен статикалық есептерді әзірлейді. Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсінетін біздің компания жұмыстарды орындау кезінде әр ұлт үшін жоғары ықылас пен ілтипат білдіреді.

 

Даланы жарықтандыруға арналған қазіргі заманғы жабдықтау жарық техникасындағы соңғы үрдістерге сай болуы тиіс, сондықтан «MIRNAS» ЖШС сыртқы жарықтандырудың дәл осындай декоративтік тіректерін жасайды. Біз өндірген даланы жарықтандыру бағандары келесі талаптарға сай:  қазіргі кезгі дизайн, қоршаған орта әсерінен қорғаудың жоғары дәрежесі, ұзақ қызмет ету мерзімі, пайдалану мен қызмет көрсетудің ыңғайлылығы.

 

Металл конструкцияларды дайындау бойынша барлық жұмыс Түркияда өз ісінің жоғары кәсіпқой мамандарымен жүргізіледі.

 

Біз инновациялық тәсілмен жұмыс істейміз және біздің  басты міндетіміз Сіздің арманыңызды өмірге ұластыру!